Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:07
Қазақстан садақ атудан Лондонда өтетін Олимпия ойындарының тағы екі жолдамасына ие болды. Сөйтіп, біздің елдің Олимпиадаға лицензиясы 109-ға жетті.
АҚШ-тың Огден қаласында садақ атудан өткен әлем кубогінде Қазақстанның атынан сынға түскен сегіз спортшының екеуі лицензия сынағын орындады. Денис Ганькин жекелей сында алтыншы орын алса, әйелдер арасында Анастасия Баннова тоғызыншы орынға ие болды. Енді екеуі Олимпиадада ел намысын қорғайды.

Жарысқа олардан басқа тағы Фара Төкебаева, Еленой Ли, Луиза Сайдиева, Ойбек Сайдиев, Артем Ганькин мен Еркебұлан Нұсабаев қатысты.
Турнир қорытындысында Қазақстанның ерлер құрамасы үздіктер қатарынан көрінбесе, әйелдер жетінші орынды иеленді.
Нұржан ТҰРҒЫМБАЕВ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.