• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Шілде, 2012

Бағытымыз – денсаулық, арманымыз – Олимпиада!

346 рет
көрсетілді

Бағытымыз – денсаулық, арманымыз – Олимпиада!

Сенбі, 14 шілде 2012 6:43

Олимпиадаға 13 күн қалды

Әлем құлақ түрген Лондон Олимпиадасын қостанайлықтар да тағатсыздана күтіп отыр. Спорттың шыңы саналатын Олимпиадаға қостанайлықтар екі дүлдүлін қосады. Осыған дейін талай жарыстарда топ жарған Иван Дычко мен желаяқ қызымыз Марина Масленко еліміздің намысын қорғайтын болады.

 

Сенбі, 14 шілде 2012 6:43

Олимпиадаға 13 күн қалды

Әлем құлақ түрген Лондон Олимпиадасын қостанайлықтар да тағатсыздана күтіп отыр. Спорттың шыңы саналатын Олимпиадаға қостанайлықтар екі дүлдүлін қосады. Осыған дейін талай жарыстарда топ жарған Иван Дычко мен желаяқ қызымыз Марина Масленко еліміздің намысын қорғайтын болады.

Олимпиада – спортты жаны сүйген әр жастың арманы. Ал Қос­танай спортының жалпы бағыты – саламатты өмір салты, денсаулық. Сонау 90-шы жылдардан бері спортты жанына серік ететіндердің қарасы молая түсті. Сөзіміз құрғақ болмасын, 2001 жылы облыста 178 мыңнан аса адам спортқа маңыз берсе, ал 1997 жылы олардың қатары не­бәрі 57 мың ғана болатын. Бү­гінде облыс бойынша 230 мың адам спорт және денешынық­тыру­мен үздіксіз айналысады.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, 20 жылдың ішінде жаңадан 360 спорт нысаны бой көтерген екен. Қазір жұртшылық жаттығуға, шынығуға баратын спорт ғимараттарының саны сонау 90-шы жылдардың бас кезі­мен салыстырғанда 1,5 еседей өскен. Облыс орталығын былай қой­ғанда, қазір аудандардағы, елді мекендердегі стадион­дар­дың, спорт залдарының жаб­дық­та­луы кімді де болса таңқалдыра­тын­дай. Қарасу, Қостанай аудан­дарындағы алаңы жасанды шөп­пен жабылған стадиондардан 1500-2500 көрермен футбол тамашалай алады. Қостанай ауданын­дағы стадион астынан жылы­ты­латындықтан, онда қыс айларында да жаттығу өткізуге, тіпті футбол ойнауға мүмкіндік бар. Қос­танай қаласында бірнеше бассейн іске қосылған. Қалалардағы, ауыл­дардағы спорт кешендері жұрт­шы­лықтың қуанышына ай­налған.

Бүгінде облыста спорт залдары мен басқа да ғимараттарға жөн­деу жұмыстары жүргізілді. Жаңадан 30 спортзал салынды. Қазір ауыл адамдары қыс айларында спорт кешендерінің арқа­сында бос уақытын тиімді пайдаланады. Жұмыстан кейін сандалып, ащы суға құныққандарды қазір ауылдан да, қаладан да сирек байқаймыз. Спортпен айна­лыс­қан жанның кезбе болып жү­ру­ге уақыты қалмайды, оның қа­сиеттілігі де осында болса керек.

Облыста балалар мен жасөс­пі­рімдер спортына барынша кө­ңіл бөлініп отыр. Арнайы спорт мектептерінің саны тәуелсіздік­тің елең-алаңынан бері қарай екі есеге өсті. Ол қазір 16  мыңнан ас­там жас спортшыны қамтиды. Онда жаттығу, спорт сабақ­тары­ның барлығы балаларға тегін қа­растырылған. Тек соңғы үш жыл­дың өзінде 300 миллион теңгеге спорттық құрал-жаб­дықтар алынды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихын­да­ғы спорт жетістіктерінде қос­та­найлықтардың да үлесі бар. Сұр мерген Сергей Беляев 1996 жылғы Жазғы Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері болды. Грек-рим күресінен мен де Азия­ның жеті рет чемпионы атандым, жастар арасындағы әлем кубогы­ның екі мәрте чемпионымын. Атақ­ты конькишіміз Денис Кузин 2007 жылғы Қысқы Олимпиадада рекордты жаңартқан еді. Ал өткен жылғы Ақ Олимпиадада конь­киші Александр Жигин, шорт-трекші Анна Самарина, Дария Волокитина, Федор Андреев тамаша өнер көрсетіп, жүлдегер атанды. Азия чемпионатының жүл­дегері балуан Бейбіт Нұғымановтан үмітіміз мол. 20 жыл ішінде 560 спорт шебері дайындалды. Соның ішінде 107 спортшы халық­ара­лық деңгейді бағындырды. Жыл басынан бері жоғары катего­рия­дағы он жаттықтырушы дайындалды. Олимпиадаға ел үміті мен намысын арқалап бара жатқан екі ұланымыз да осы жаттықтыру­шы­лар еңбегінің арқасында биік асуларды алған болатын.

Облыс жұртшылығы үшін 2000 жылы УЕФА үлгі-қалпы бой­ынша 8000 көрерменге арнал­ған стадионның ашылуы қуаныш болған еді. Одан кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қоста­най қаласындағы жабық мұз айдыны бар спорт сарайының лентасын өзі қиды. Лисаков қала­сындағы спорттың күрес түрле­ріне арналған спортзал, Арқалық қаласында күрес және ауыр ат­летикаға арналған залдары жаб­дықталған ірі спорт кешені пай­далануға берілді. Материалдық база қалада да, ауылда да осындай қадаммен алға басып келеді.

2010 жылы «Тобыл» командасы Қазақстандағы премьер-лига командалары арасында чемпион болды. Облыста ұлттық спорт түрлері де жанданып келеді. Қазір оның он үш түрінен жарыс­тар өткізіледі. Әсіресе, тоғыз­құмалақ, қазақ күресі, ат спортына жастардың тартылуы ерекше. Ауылды жерлерде ұлттық спорт секциялары жанданып келеді.

Қостанайлық спорт командалары барлық республикалық жа­рыс­тарға қатысып отырады, олар­дан құралақан да қайтып жүрген жоқ. Командаларымыз спорттың көптеген түрлерінен үздік бестік арасынан көрініп жүр. Жергілікті жердегі ірілі-ұсақты спорт жа­рыстарының барлығы да жастарды алдымен патриоттық сезімге тәрбиелейді. Күштілер, мықтылар, ептілер ғана Отанын сүйе алады. Олимпиада арманы да ауылдағы жарыстардан бастау алады.

Сергей МАТВИЕНКО,

Қостанай облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы.