• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 22 Сәуір, 2019

Съезде белгілі болады

611 рет
көрсетілді

Биылғы 2019 жылдың 13 сәуірі күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс пленумы өткізілді. Осы пленумда ақжолдықтар Қазақстан президенттігіне өз үміткерін ұсыну үшін партия­ның барлық облыстық филиалдарында конференциялар өткізу туралы шешім қабылдағаны тиісті ақпарат көздері арқылы белгілі болып отыр.
Соған сәйкес бүгінгі күндері республиканың бірқатар облысында конференциялар өткізіл­генін, соның ішінде Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында « Ақ жол» демо­кратиялық партиясының облыс­тық конференциясына қатысу­шылар перзиденттікке үміткер ретінде төрт адам ұсынғанын атап өткен жөн.  

Өткен жұма күні «Ақ жол» демократиялық партия­сы Ақтөбе облыстық филиалының кон­ференциясы Ақтөбе қаласында өткізіліп оған 150-ге жуық делегат қатысты. Бұл жолы пре­зиденттіктен үміт­кер ұсыны­ла қойған жоқ. Конфе­рен­цияға қатысушылар «Ақ жол» демократиялық партиясының 24 сәуір күні өткізілетін съезіне жеті делегат сайлады. Оның біреуі Парламент Мәжілісінің, екіншісі Ақтөбе облыстық мәс­лихатының депутаттары бол­са, бесеуі өңірдегі аудандық мәс­ли­хат­тардың «Ақ жол» партия­сы атынан сайланған депутаттары. Съезд делегаттарының тек бірыңғай депутаттық фракция мүшелері атынан сайлануы оларды саяси қызметке дағ­ды­лан­дыра беру және тәжірибелерін арттыру қажеттігінен туындапты. 

– Облысқа жұмыс сапары кезінде Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Ақ­төбе облысының әкімі Оңда­сын Оразалинмен кездесті. Бұ­дан соң ол тұрғындарды қабыл­дады, деп мәлімдеді газет тіл­ші­сіне «Ақ жол» партиясы Ақ­төбе облыстық бөлімшесінің төр­ағасы Асқар Садықов. 

Оның айтуынша, 24 сәуір күні өткізілетін «Ақ жол» демо­кратиялық партиясының съезінде делегаттар өңірлерден ұсынылған үміткерлердің арасынан ең лайықты деген біреуін таңдап, президенттікке кандидат ретінде ұсынбақшы. Сондай-ақ филиал төрағасының мәлімдеуінше, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев әзірге прези­дент­тіктен үміткер ретінде ұсы­ныл­маған. Бұл мәселе 24 сәуір күні өткізілетін съезде белгілі болмақ.  АҚТӨБЕ