Министрдің айтуынша, «Жобалар фабрикасы» атты жобаларды қалыптастыру мен сүйемелдеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады.
«Нұр-Сұлтан қаласы мен халықаралық қаржы орталықтары арасында тікелей әуе қатынастарының географиясы кеңейтілетін болады. Жоғарғы Сотпен және Бас прокуратурамен бірлесіп инвестициялық климатты одан әрі жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау және заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады», дейді министр Ә.Смайылов.
Ведомство басшысының айтуынша, жаңа архитектура шеңберінде жобаларды жылжыту былайша болады:
Бірінші кезеңде - Өңірлік инвестициялық хабта («Жобалар фабрикасында») барлық әлеуетті инвестициялық жобалар орталықтандырып жиналады.
Екінші кезеңде – Астана халықаралық қаржы орталығынан сарапшылар мен консультанттарды тарта отырып, «Kazakh Invest» базасындағы жобаларды өңдеу және талдау жасалады. Жобалар шетелдік инвесторлар үшін түсінікті форматтарға келтіріледі.
Үшінші кезең - Астана халықаралық қаржы орталығының қолдағы бар мүмкіндіктері мен Сыртқы істер министрлігінің инфрақұрылымын пайдалана отырып, қолданысқа дайын жобаларды жылжыту.
Төртінші кезең – Астана халықаралық қаржы орталығының заң инфрақұрылымын пайдалана отырып, инвестициялық хаб базасында келісімшарттар жасасу.
Айта кету керек, жаңа архитектураны таныстыру 16 мамырда болатын Астана экономикалық форумы шеңберінде өтеді. Инвестиция тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы осы жылдың мамыр айында өтеді.