• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Сәуір, 2019

Виталий Худяков ашық суда жүзуден Азияның екінші алтыны мен Олимпиада лицензиясын иеленді

446 рет
көрсетілді

Қазақстандық Виталий Худяков ашық суда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Кувейттегі сары құрлық додасында ол 10 шақырымға жүзуден топ жарды. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық спортшы Лев Черепанов үшінші орын иеленді. 

«Кувейттегі жарыс оңай болған жоқ. Күн ыстық, толқынның екпіні тым қатты. Бір ауыз сөзбен айтқанда, су спортшылар үшін өте ауыр. Мұндай жағдайда спортшылардың нәтижесі аздап төмендейді. Десе де, бәрі бірдей жағдайда жүзген соң, Виталийдің жеңісіне ешкімнің күмәні жоқ. Ол өз міндетін артығымен орындап шықты. Ал үшінші орын иеленген Лев Черепанов әлі жас. Ол чемпионатта топ жарған Худяковтан бір минуттан аз уақытқа қалып қойды. Черепановтың әлі талай жеңіске жетеріне сенімдіміз», - дейді ашық суда жүзуден Қазақстан командасының бас бапкері Николай Загриценко. 

Айта кетелік, су спорты түрлерінен Азия федерациясы құрлық чемпионатын лицензиялық санаттағы турнирлер қатарына қосты. Жарыс барысында Олимпиаданың екі лицензиясы сарапқа салынды.

Олимпиада бағдарламасына енетін 10 шақырымдық жарыста жеңіске жеткен ерлер мен әйелдер аталған лицензияға иелік еткен болатын. 

Виталий Худяков 5 шақырымға жүзуден Азия чемпионы атанғанын естеріңізге саламыз.