Лондонда Федерация кубогінің ІІ әлемдік тобындағы плей-офф матчы аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы Ұлыбританиядан жеңіліп қалды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші жарыс күнінен соң таразы басын теңескен болатын. Алайда, екінші күні біздің теннисші қыздарымыз қарсыластарына есе жіберіп, жалпы есепте жеңіліске ұшырады.
Юлия Путинцева Йоханна Контеге 6:4, 2:6, 5:7 есебімен жол берсе, Зарина Диас Кэти Болтерден үш сет қорытындысы бойынша ұтылды.
Осылайша, 1:3 есебімен жеңіке жеткен Ұлыбритания командасы әлемдік топқа жолдама алды.