• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында «Қамқорлық айлығы» басталды

581 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында Nur Otan партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қамқорлық айлығы» басталды. Аталған шара барысында белсенді жастар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты зейнеткерлерді қамқорлығына алады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Акция ардагерлерге қамқорлық көрсету және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатын көздейді. «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері егде адамдардың үйлеріне барып, үй мен аула аумағын жинауға, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуге қол ұшын береді.

Айлықтың алғашқы күнінің өзінде-ақ жасотандықтар 36 майдангер мен тыл еңбеккерінің үйіне барып, қарияларға қажетті көмек көрсетті.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 75 ардагері, ҰОС 21 мүгедегі, 10 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.