• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Сәуір, 2019

Контрабандалық жолмен елге 293 телефон әкелмек болған қазақстандық ұсталды

489 рет
көрсетілді

Қордай өткізу пунктінде 38 жастағы Қазақстан азаматы контрабандалық жолмен елге 293 дана ұялы телефон алып кірмек болғандығы үшін ұсталды. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» бөлімшесінде шекара наряды 1981 жылы туған қазақстандық азаматты ұстады. Тексеру барысында оның жекеменшік жеңіл автокөлігінен жалпы саны 293 дана «Redmi», «Самсунг», «Леново» маркалы ұялы телефондар табылып, актімен Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.