• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Сәуір, 2019

Теннис: Попконың тағы бір жеңісі

450 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-та өткен ITF санатында жататын халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Жүлде қоры 15 мы АҚШ долларын құраған жарыстың бастапқы бәсекелерінде ол доминикандық Жозе Оливарес, болгариялық Адриан Андреев, колумбиялық Фелиппе Мантильоның мысын басса, жартылай финалда америкалық Джон Харрисон Ричмондтан басым түсті. Ал ақтық сында Попко Аргентинаның өкілі Августин Велоттиден 2:1 (6:0, 5:7, 6:3) есебімен айласын асырды.

Бұл Дмитрий Попко үшін биылғы маусымдағы алтыншы жеңісі. Осы күнге дейін ол  ITF Futures сериясына жататын АҚШ-тағы үш және Түркиядағы екі турнирде топ жарған болатын.