• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2019

Халықаралық «Алтын микрофонның» Гран-При жүлдесі Қостанайда қалды

529 рет
көрсетілді

Биыл Қостанайда халықаралық «Алтын микрофон» балалар ән байқауы 17-ші рет өтті. Онда 7 жастан 21 жасқа дейінгі жас таланттар тек Қазақстанның әр шалғайынан ғана емес, алыс-жақын шет елдерден келіп, бағын сынады. Итальяндық продюсер, композитор, «CREATIVITA SENZA FRONTIERE» халықаралық фестиваль-конкурсының директоры Микеле Поманың айтуынша, жаратылған бәйге атындай жақсы дайындалған, ылғи талантты балаларды іріктеу қиынның қиыны болды.

Екі күнге созылған байқаудың Гала-концертінде белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев басқарған қазылар алқасы жүзден жүйріктерді іріктеп, марапаттады. Төрт санатқа бөлінген жүлделі орындардың бәрінен Нұр-Сұлтан қаласының кішкенатай таланттары құралақан қалмады. Қостанайлықтар да 8 жүлделі орын алды. 7-10 жас аралығындағыларға белгіленген бірінші орынды нұр-сұлтандық Жасмин Тлеуімбетова, орта топтағылардан (11-13 жас) бірінші орынға Станкевисите Миледжа (Литва,Каунас) көтерілді, үлкен топта (14-17 жас) бірінші орынға Болгариядан келген Александра Златева шықты. Ал «кәсіби» топта (18-21 жас) алматылық Фараби Сұлтанов үздік атанды.

ХVII халықаралық «Алтын микрофон» балалар ән байқауының Гран-При жүлдесін қостанайлық жас әнші Ясмин Ыбыраева жеңіп алды.

Қостанай