Оған еліміздің батыс бөлігіндегі жоғары оқу орынның студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы және Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты. Ең алдымен осы іс-шараның басты модераторы, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің аға оқытушысы Бекзат Молдин мемлекеттің одан әрі дамуы сатысында Президент сайлауының атқаратын рөлі жоғары екенін атап өтті.
Бұдан әрі ол өзінің бұған дейінгі жоғары оқу орындағы іс-тәжірибесінен нақты мысалдар келтіре келіп, қай кезде де студенттер мен жастардың сайлауға деген қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болып келгенін алға тартты. Атап өтерлік мәселе дөңгелек үстелге қатысушылардың басым бөлігі бірінші курс студенттері екендігі де оның басты ерекшелігі деуге болады. Соның ішінде Малика Орынова мен Дамир Жолдасбаев секілді бірінші курсктыктар мемлекет тағдырына тікелей әсер ететін сайлауға тұңғыш рет қатысқалы отырғанын айта келіп оған сырттай бақылаушы болмай тікелей араласу төл парыздары екенін жеткізді. Олардың мұндай ойлы пікірлері өзге де дөңгелек үстелге қатысшулар тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ философия ғылымының докторы, профессор Алтай Тайжанов тиісті заң талаптарына сәйкес кез келген республика азаматының Президент сайлауына қатысып өз еркі мен таңдауын білдіре алуы, өзін толғандырған мәселелерді жоғары мемлекеттік органдарға жеткізе білуі мемлекеттің демократиялық тұрпатына сәйкес келеді деген ой қорытты.
Дөңгелек үстел мәжілісі кезінде ортаға: Сіз кімге дауыс бересіз ? деген сауал тасталып оған орнықты да тұжырымды жауаптар қайтарылды. Бұл ретте әрбір сайлаушының президенттікке кандидаттардың сайлауалды бағдарламармен танысуына толық мүмкіндіктері бар. Соған сәйкес әр азамат өз таңдауын жасай алады. Әрине мұндай жағдайда басты басымдық ел мен халық мүддесін қорғай алатын кандидаттар мен тұлғаларға берілетіні талас туғызбайды.
М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтылған басты тұжырымдардың бірі осындай. Сайлауға қатысу – әркімнің өз еркі, өз конституциялық құқығы. Мұны ешкім Жарлықпен немесе Декретпен бекіте алмайды. Қалай дегенде де қазіргі кезде қазақстандықтардың ең лайықты тұлғаларға дауыс беруі өте маңызды болып қала береді деген түйін жасалды дөңгелек үстел қорытындысында.
АҚТӨБЕ