• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Сәуір, 2019

Ақмола облысы Бұланды ауданына жаңа әкім тағайындалды

822 рет
көрсетілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бұланды ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмi бойынша Талғат Аманбайұлы Ерсейітов Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды. 

Талғат Ерсейітов 1974 жылы туған, Астрахан ауданының тумасы. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Басқару институтын бітірген.  

Еңбек жолын 1996 жылы Астрахан ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастады. 1997-2007 жылдары Астрахан ауданы бойынша салық комитетінде түрлі жауапты лауазымдарды атқарды. 2007 жылы Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.  

2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкімі орынбасарының лауазымында қызмет атқарды.  2012-2017 жылдары - Астрахан ауданының әкімі.  

Осы тағайындалуына дейін Есіл ауданының әкімі лауазымын атқарды.