• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2019

Қызылорда облысында кәсіпкерлердің қатысуымен отырыс өтті

715 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында қоғамдық тамақтандыру және жеке қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен отырыс өтті.

Оған Қызылорда облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Динара Жаңабергенова мен департаменттің құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Жанат Мамбеталиева қатысты.

Палатаның мұндай салаға қатысты шара өткізуіне заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер себеп болды.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш өзгертулер ағымдағы жылдың 11 сәуірінде күшіне енді. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 425-бабының жаңа редакциясына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және жеке қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлердің санитарлық-гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін жауапкершілігі айыппұл мөлшерін ұлғайту есебінен көтеріледі.

«Тамақтандыру бизнесі өте күрделі екенін ескерсек, бұл өзгерістер шаруашылық нысандарына қосымша ауыртпалықтардың ұлғаюына алып келуі және кәсіпкерлердің дер кезінде ақпаратпен қамтылмауы ертеңгі күні олар үшін проблемаға айналуы мүмкін. Осы орайда, Заңға енгізілген өзгерістер жөнінде кәсіпкерлер арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз», - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.