• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2019

Елбасы Қауіпсіздік кеңесіндегі негізгі жұмысы туралы айтты

649 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында қоғамдық келісімді нығайту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында ауқымды жұмыс күтіп тұр, оның сессиясын жақын уақытта өткіземіз. Біз қоғамдық келісім мен ұлт бірлігін нығайту бойынша ісімізді жалғастырамыз», - деді Елбасы. 

Сонымен қатар, Н. Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің негізгі жұмысына тоқталды. 

«Қабылданған заңға сәйкес, Қауіпсіздік кеңесіне басшылық ете отырып, өзімнің көп жылдық тәжірибемді ішкі әрі сыртқы саясатты айқындай отырып, мемлекеттің дамуындағы негізгі бірқатар мәселелерін шешуге бағыттаймын», - деді Тұңғыш Президент.