Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Бүгінгі бас қосуға себеп болған мәселені қарастырып, бір шешімге келдік. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Nur Otan - еліміздегі ең ірі саяси ұйым. Біздің мақсатамыз әрдайым ел тұрғындарыңыз тұрмысын жақсарту. Заман зымырап жеткізбейді. Осындай заманда артта қалмау үшін бізге бірлік керек. Егер де біз басқа елдер сияқты алтыбақан алауыз болсақ, біз мұндай жетістікке жетпес едік», деді Нұрсұлтан Назарбаев.