• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 24 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеру жөнінде емтихан тапсырды

1153 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Респуб­ли­касы­ның президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссия­ның отырысы өтті. Бірінші болып Қазақстан Республика­сының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мем­лекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде емтихан тапсырды.

Осының алдында, яғни 2019 жыл­ғы 23 сәуірде Қазақстан Рес­публикасы Орталық сайлау комиссия­сына «Қазақстан Рес­­пуб­ликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы­ның 55-бабына сәйкес Nur Otan партиясы Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының прези­дент­тігі­не кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тиіс­ті құжаттарын тапсырған бола­тын. Онда Nur Otan пар­тиясы жоғары органының Қазақ­стан Республикасының пре­зи­денттігіне кандидат ұсы­ну жөнін­дегі отырысының хат­­та­ма­сынан үзінді, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші, өмір­баян­дық де­ректері, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Орталық сайлау комис­сия­­­сы­ның шотына сайлау жар­на­сын енгiзгенiн куә­ланды­ра­тын құжат, жеке басын куәлан­ды­ратын құжат­тың көшірмесі; жо­ғар­ы оқу орнындағы білімі ту­ралы дип­лом­дарының кө­шір­ме­лері және мемлекеттік қыз­мет­те жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар болды.

Бұл құжаттардың бәрі талап­қа сай болғаннан кейін линг­­висти­ка­лық комиссия мүшелері заңға сай кан­ди­даттың мем­лекеттік тілді ер­кін мең­гергендігін анық­тау рәсіміне кірісті. Қазақ­стан Рес­публикасының прези­денттігіне кандидаттың мем­лекеттік тілді еркін меңгер­гендігін анықтау үшін алдымен лингвистика­­лық комиссия ұсынған тақырып­қа көлемі екі беттен аспай­тын жазбаша тапсырма жазу беріле­ді. Одан кейін лингвис­тика­лық комиссия ұсынған көлемі үш беттен ас­пайтын баспа мәтінін оқу ұсы­нылады. Ал лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыпқа сай көпшілік алдында сөз сөйлеуге кемінде он бес минут уақыт беріледі.

Бұл жайында лингвистика­лық комиссия төрағасы Мыр­затай Жолдасбеков: «Бүгін линг­вистикалық комиссия өз жұ­мы­сын бастады. Nur Otan пар­тия­сы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев емтихан тапсыр­ды. Екі сағат уақыт болды. Барлық ережеге сәйкес емтихан­ды тапсырды. Бірінші жазба жұ­мысының тақырыбы – «Абай Құ­нан­байұлының поэзиясы мен қара сөздері». Екінші мәтін оқу­ға Шерхан Мұртазаның «Мың­­бұлақ» әңгімелер мен хи­каят­­тар жинағын таңдап алды. Үшін­­­шісі, ол кісінің жаны­на жа­қын та­қырып – «Қазіргі Қазақ­­стан­ның геосаясаты» болды. Ко­миссия мүшелері толық құ­­­­рам­­да қатысып, өздерінің пікір­­­­лерін ашық білдіріп отырды», деді. Бұдан бөлек, ол: «Қазақстан Республикасы президенттігіне канди­дат бірінші жазба жұмы­сын жазғанда Абайдың поэ­зиясы туралы, Абайдың қара сөздері, оның халыққа беретін маңызы туралы өте терең жазды. Біз ол жұмыстан бірде-бір қате көргеніміз жоқ. Ал Шерхан Мұр­та­заның «Мыңбұлақ» атты ә­ңгімелер мен хикаяттар кіта­бын өзі таңдап алып, соның үш бетін оқыды. Оқығанда да өте мәнерлеп, өз ырғағына сай ке­ліс­тіріп оқыды. Қазіргі Қазақ­­стан геосаясаты туралы ол кісі терең сөйледі. Осылардың бәрін талдай келгенде лин­г­вистикалық комиссияның бер­ген қорытындысы: «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мем­лекеттік тілді толық, жан-жақты меңгерген», деді.