Түркістан облысы Жетісай ауданы диқандары ерте пісетін қырыққабатты Ресейге экспорттауды бастады.
Алғашқылардың бірі болып Атамекен ауылдық округінде Арап Рәтов жетекшілік ететін «Ықылас» шаруа қожалығы 20 тонна қырыққабатты Ресейге жөнелтті. Баға да көңілге қонымды, қырыққабаттың әр килограмы 210 теңгеден бағаланды.
– Аудан бойынша биыл 8400 гектарға қауын, 8385 гектарға қарбыз егілсе, 45 000 гектарға мақта шитін орналастыруды жоспарлап отырмыз. Қауын мен қарбыздың өсіп-жетілуі ойдағыдай – дейді Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев.
Асқар ОРЫНБАСАРҰЛЫ
Түркістан облысы,
Жетісай ауданы