Қытайда еркін күрестен өтіп жатқан Азия біріншілігінде солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Спортшыны атаулы жеңісімен аймақ басшысы Құмар Ақсақалов құттықтады.
«Солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Бұл– облыс тарихында еркін күрестен қоржынға түскен алғашқы алтын жүлде. Нұрқожаны, оның бапкерін және бүкіл солтүстікқазақстандықтарды маңызды жеңіспен құттықтаймын!», делінген құттықтау хатта.
Нұрғожа 70 кило салмақ бойынша белдесіп, барлық қарсыластарын қапы қалдырды. Ол күрес әліппесін Петропавл қаласындағы спортқа мамандырылған мектеп-интернатта бастаған. Қазір оны теріскейлік жаттықтырушы Сағындық Бейсенбаев баптап жүр.