• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Сәуір, 2019

Асқар Жұмағалиев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

863 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесу өткізді. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар қорғаныс өнеркәсібі мен цифрлық даму саласындағы  әріптестікті келешекте нығайта түсуді талқылады. 

«Бізді Германияның цифрландыру, адами капиталды және инновациялық  экожүйелерді  дамытудағы озық тәжірибесі қызықтырады. Сіздердің аталған салалардағы жетістіктеріңізді ескере отырып, біз германиялық компаниялардың экономиканың барлық секторы бойынша, әсіресе цифрландыру саласында әріптестік орнату жөніндегі ұсыныстарын қарауға  әзірміз», деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Тараптар  өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін екіжақты  қарым-қатынасты одан әрі арттыруды қолдайтындарын білдірді.