• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Сәуір, 2019

Мажарстан Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

833 рет
көрсетілді

Мажарстан Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытады. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстанда осыдан 4,5 жыл бұрын болған едім. Сол уақыттан бері елдеріңіз  қарқынды дамып, ілгерілей түскен. Қазір технологиялық өзгерістерді байқап отырмын және алдағы уақытта мұнан да қарқынды дамуға куә болатындығымызға сенімім мол", деді Мажарстан Үкіметінің басшысы. 

Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Мажарстанның арасы географиялық тұрғыда тым шалғай жатыр. Дәл осы жайт экономикалық байланыстарды күшейтуде қиындық тудырып отыр. Дегенмен, оны да еңсерудің жолдары бар. 

"Біз соңғы уақытта қазақ-мажар бірлескен кәсіпорындарын құру үшін барынша қарқынды жұмыс жүргіздік. "Нұр-Сұлтан" қаласындағы халықаралық қаржы орталығының құрылуына жан-жақты қолдау көрсетіп, қазақ-мажар инвестициялық қорын құрдық. Ол қазіргі уақытта өзінің алғашқы жемісін беріп те отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында өзіміздің ең алғашқы ірі инвестициялық жобамызды жүзеге асырдық. Екінші жобаны қолға алдық. Оның аясында сүт зауытын салатын боламыз", деді Виктор Орбан.