• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Сәуір, 2019

«Ақ жол» партиясынан 6 адам сайлауға қатысуға ниетті

864 рет
көрсетілді

"Ақ жол" партиясының кезектен тыс XV құрылтайында бірнеше делегат өз кандидатурасын ұсынды. Бүгінде партия атынан 6 адам президенттік сайлауға қатысуға ниетті. Құрылтай олардың ішінен бір адамды президенттікке үміткер ретінде бекітуі қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 13 сәуірде «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің пленумы президенттік сайлауға үміткерлерді анықтай алмады. Бұған дейін Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қуат Рахымбердин, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Асан Қошмамбетов, Атырау облыстық филиалының өкілі Серік Ерубаев және СКО филиалының төрағасы Евгений Кинцель өз кандидатураларын жолдаған болатын. Бертін келе, оларға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева мен Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев қосылды. 

Бүгін барлық үміткерлер өздерінің бейнебаяндарын көрсетіп, сайлауалды ұстанымдарын жариялады. Сондай-ақ, делегаттардың сұрақтарына жауап берді. «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы ашық және құпия дауыс беру арқылы бір кандидатты анықтайды. Ол адам партияның атынан алдағы президенттік сайлауға қатысатын болады.