• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Сәуір, 2019

Президенттік институттың қалыптасуына арналған көрме ашылды

1039 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында Қазақстандағы президент институтының қалыптасуына арналған көрменің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиын Елбасы кітап­ханасының директоры Ә.Рахым­жа­нов­тың құттықтау сөзімен ашылды.

«Қазақстан халқының алғаш рет өзі­нің Президентін таң­дауы – тари­хи оқиғалар ара­сын­дағы ең маңыз­ды шешім. Қа­зір­гі таңда елі­міз жеткен жетістіктер мен табыс­тарды Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назар­баев­тың көпжыл­дық еңбегінсіз елестету мүм­кін емес. Н.Назарбаевтың әрбір батыл шешімі – әлемдік сая­сат­қа ықпал етудің таптырмас үлгісі», де­ген ол президент институтының қалып­тас­уына арналған көрмеге алғаш рет толық көлемде ұсынылған топтамалар жинақталғанын айтты. Бұдан соң, Л.Н.Гуми­лев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Сыдықов сөз сөйледі.

«Еліміздегі президенттік институт – тәуелсіз елдің ғана емес, бәріміздің тағдырымыз, баршамыздың құнды­лы­ғымыз. Сонымен қатар ол жалпы халықтың билікке, тұрақты даму кепілдігіне деген сенімі. 2019 жылдың 19 наурызында Елбасы Н.Ә.Назарбаев саналы түрде президенттік өкілеттігін Парламент Сена­тының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Осы­лайша билік трансформациясы жүзеге асты», деді Е.Сыдықов.

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, атал­ған көрме – Ел­ба­сы кітап­ханасы қыз­мет­кер­лерінің «Музей жина­ғы» жобасы аясындағы ғылы­ми-зерттеу жұмыс­тарының нәтижесі. Мұнда қойылған экспо­наттар екі бөлімге топ­тастырылған. Оның бірін­шісі құр­мет белгісі – асатаяққа, ал екін­шісі ман­тияларға арнал­ған.

Аталған асатаяқтарды ше­тел­­дік делегация өкілдері мен қазақ елінің азамат­тары Тұң­ғыш Президент – Елба­сының ел дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін құрмет ретінде сыйға тарт­қан. Әр асатаяқ қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнерінің ережесіне сай жасалған. Қалың көпшілікке алғаш рет толық көлемде ұсы­нылған топ­та­малар Тұң­ғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік қыз­­метінің бір қырымен таны­су­ға мүмкіндік береді.

Экспозицияда ұсынылған аса­­таяқ­тар зергерлік және көр­кем өнердің теңдессіз туындылары. Олардың үсті жартылай асыл тастармен көм­керілген, үстіңгі жағында шар тәріздес нышан бар. Бұл нышанның рухани бастау ретіндегі өзіндік қасиеті бар деп есептелінеді. Асатаяқ қазақ хал­­қының дәстүрлерін еске­ре безендірілген. Мәселен, «қошқармүйіз» халқы­мыз­дың бірлігін, молшылық пен келі­сім­ді бейнелейді.

Екінші коллекцияда ше­тел­дік оқу орындарының Елбасына әр жылдары сый­лаған мантиялары жинақ­талған. Мантиялар әлемнің әр қиырындағы оқу орын­дарының Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елба­сы­­ның жоғары білімнің интег­­ра­­циясы аясындағы аса зор табыстарын тануының айға­­ғы. Келушілер назарына Жапония, Корея, Қытай, Вьет­­нам, Канада, Ресей ел­де­рі уни­верситеттерінің Тұңғыш Пре­зидент – Елбасына берген мантиялары ұсынылған.