• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2019

ШҚО-да 4 марал мен 3 теңбіл бұғы еркіндікке жіберілді

1621 рет
көрсетілді

Өйткені, бұл аймақта аң аулауға рұқсат етілмеген.

Жақында газетімізде Өскемендегі облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафт музей-қорығының қызметкерлері екі бірқазанды Ертіс өзеніне еркіндікке жібергенін жазған едік. 

Жуықта аталған музей-қорық ішіндегі хайуанаттар бағынан тағы да төрт марал мен үш теңбіл бұғы Ұлан ауданы аумағындағы Сібе көлінің маңына жіберілді деген жағымды жаңалық естідік. Облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман және аңшылық шаруашылықты басқарудың жедел тобы басшысының орынбасары Василий Ткаченко Сібе көлінің аумағы бекерге таңдалмағанын айтады. 

«Өйткені, бұл аймақта аң аулауға рұқсат етілмеген. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Екіншіден, бұл жерде жеткілікті жем-шөп базасы бар. Біз сол маңдағы шаруа қожалықтары басшыларымен келістік. Олар қажет болған жағдайда маралдар мен бұғыларды азықтандыруға дайын», - дейді ол.

Музей-қорықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы хайуанаттар бағында 9 бұғы мен 7 марал қалыпты.

ӨСКЕМЕН

Суреттерді түсірген Алексей МАЗНИЦИН