Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы үшінші қола медаліне иеленді деп жазады Olympic.kz.
64 келідегі Санатәлі Толтаев тәжікстандық Баходир Усмоновқа жол беріп, қола медаль иегері атанды.
Айта кетелік, бұған дейін Василий Левит пен Теміртас Жүсіпов құрлық додасында үздік үштікке енген болатын.