• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Сәуір, 2019

Велоспорт: «Астана» Францияға аттанады

824 рет
көрсетілді

28 сәуірде Францияда велоспорттан «Льеж-Бастонь-Льеж» классикалық жарысының соңғы кезеңі өтеді.

124 жылдық тарихы бар дүбірлі додада талай саңлақтар өнер көрсеткен. Солардың арасынан Эдди Меркстың шоқтығы биік болды. Аты аңызға айналған Бельгияның велошабандозы 1969-1975 жылдар аралығында осы жарыстың бес дүркін жеңімпазы атанды.

Кезінде Қазақстанның үш  спортшысы осы турнирде бас жүлдені олжалады. Атап айтсақ, Александр Винокуров 2005 және 2010 жылдары алдына жан салмаса, 2012 жылы Максим Иглинский шашасына шаң жұқтырмады. Ал былтырғы жылы өткен жарыс Люксембургтің өкілі Боб Юнгельстің жеңісімнен аяқталды. Биылғы додада «Астана» клубы сапында Алексей Луценко, Якоб Фульсанг, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Омар Фраиле, Луис Леон Санчес және Давиде Виллелла сынды велошабандоздар өнер көрсетеді.