• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Сәуір, 2019

Бокс: Сафиуллин финалға шықты

827 рет
көрсетілді

Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалының кешкі бағдарламасы басталды

Қазақстанның боксшылары арасынан алғашқы болып рингке көтерлген 60 кило салмақтағы Зәкір Сафиуллин Шива Тхапамен айқасты. Үндістанның өкілі осал боксшы емес. Тхапа Азия чемпионаттарында бірнеше мәрте атой салған. Атап айтсақ, 2013 жылы – алтын, 2015 жылы – күміс және 2017 жылы – күміс қола медальді иеленді. Сол мықтымен өткен айқаста жерлесіміздің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Осылайша, Сафиуллин финалға жолдама алды.

Енді бүгін біз тағы төрт жерлесіміздің өнерін тамашалаймыз. 81 кило салмақтағы Бек Нұрмағанбет Еркін Әділбекұлымен (Қырғызстан),

+ 91 кило салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Сатиш Құмармен (Үндістан), 64 кило салмақтағы Милана Сафронова Доу Даньмен (Қытай) және +81 кило салмақтағы Ләззат Күнгейбаева Ян Сяолимен (Қытай) күш сынасады.