Түменнің «Рубиніне» қарсы өткен бұған дейінгі төрт кездесудің үшеуінде жерлестеріміз басым түскен еді. Бесінші бәсекені сыртта өткізгеніне қарамастан «Сарыарқа» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта алғашқы голды 5 минутта Артур Сарваров соқса, көп кешікпей айдын иелері таразы басын теңестіріп кетті. Десек те одан кейін қарқынын күрт күшейткен қарағандылық хоккейшілер тағы үш рет нысананы дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Эмиль Нұрғалиев (22 минут), Олег Ломако (44 минут) және Максим Кицын (60 минут).
Осылайша «Сарыарқа» хоккей клубы өзінің осыдан бес жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Олар 2014 жылы да дәл осы «Рубинді» финалда 4:2 есебімен еңсерген еді.