• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

Қостанайда көші-қон заңнамасын бұзған 11 украиндық азамат анықталды

923 рет
көрсетілді

«Правопорядок» жедел-профилактикалық шаралар барысында Меңдіғара ауданындағы Қасқат селосында украиналық 11 азаматтың осында жұмыс істеуі үшін тиісті өкілетті органдар рұқсатын алмағаны анықталды. Шетелдіктер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңын бұзған. Олар туралы әкімшілік іс Меңдіғара аудандық сотына жіберілді.

Украиналық азаматтар мұнан басқа шекаралық аймақта шекаралық режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Жедел-профилактикалық шараның алғашқы күні-ақ облыс өңірінде Әкімшілік кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктердің және Қазақстан азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын бұзғаны жөнінде 32 іс тіркелді. Олардың барлығы ТМД елдерінің азаматтарына қатысты болды.