• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Сәуір, 2019

Бокс: Сафиуллин финалда ұтылды

948 рет
көрсетілді

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық сайысында қазақстандық Зәкір Сафиуллин күміс медальді иеленді.

60 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз ақтық сында моңғолиялық Цендбаатар Эрденебаттан ұтылып қалды. Осылайша, 32 жастағы ардагер спортшымыз өзінің осыдан төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, Азия чемпионатында күміс медальді иеленді. Ал 2015 жылы Бангкокта өткен құрлықтың басты додасында Зәкір Сафиуллин Моңғолияның тағы бір өкілі Доржнямбуугийн Отгондалайға есе жіберген еді.