• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2019

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

2219 рет
көрсетілді

Жұмыс күндері тәмамдалып, әне-міне дегенше жұма да жетті. Демалыс күндерін пайдалы әрі қызықты етіп өткізуді жоспарлап отырсаңыз, бізден бір кеңес болсын.

Тігін өнері – біреу үшін күн көрістің қамы болса, енді біреулерге жай ғана шығармашылық немесе тыныштық табу. Осы үш топтағы жандардың бәріне, басқа да аталмай қалған мүдделі жандарға, дәлірек айтсақ Елорда тұрғындары мен қонақтарына белгілі дизайнер Ырза Тұрсынзада тегін тігін курсын жүргізуді бастады. Тігінші маман жұмыссыз қыз-келіншектерді, қызығушылық танытатындарды шақырады. Ниетті жандарға есік ашық.

«Жұмыссыз қыз-келіншектер мен көп балалы аналарды қолдау мақсатында өтетін тігін курсы Қазақстан халқының мәдени дәстүрі мен қолөнерін жаңғыртуға және әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік береді», дейді ұйымдастырушылар.

Шеберлік сыныпқа ниет білдірушілердің барлығы қатыса алады.Аталған тегін шеберлік сынып 26-29 сәуір аралығында ел астанасындағы Достық үйінде өтеді.