– 9 маусымда елімізде аса маңызды саяси оқиға болады. Қазақстан тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан аса уақыттан бері бұл ел тарихындағы Президент сайлайтын алтыншы сайлау болып отыр. Сол жылдардың барлығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ел зор табысқа жетті, дамыды, көркейді. Нұрсұлтан Әбішұлы елдің бірлігін барлық табыстардың кепілі деп білді. 2019 жылдың 19 наурызында ол өкілеттігін аяқтап, билікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық тиісті заңдарға сәйкес кезектен тыс президенттік сайлауды белгіледі. Ал әрбір қазақстандық осы саяси оқиғаның жауапкершілігін бір адамдай түсінуі тиіс, – деді Қалқаман Жақып.
Одан кейін облыстағы корей қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ульяна Ким форумға жиналғандарды алдымыздағы сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.
– Еліміздегі кезектен тыс сайлау дамуымызға, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіруге серпін береді. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, еліміздің алдында шешімін күткен көптеген мәселе, тапсырма бар. Солардың барлығы да халықтың бірлігі болмай, дұрыс шешімін таппайды. Сондықтан жастар, сіздер сайлауға патриоттықпен қатысып, өз таңдауларыңызды жасауларыңыз керек. Біздің барлығымыздың мемлекет, Отан алдындағы адал парызымыз осы, – деді Ульяна Ким. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктер жастар қанатының өкілдері, республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, шығармашылық ұжымдар еліміздегі саяси маңызды оқиғаның жауапкершілігін түсініп, кезектен тыс президенттік сайлауға қатысатындықтарын айтты және өзгелерді де осыған шақырды. ҚОСТАНАЙ