• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2019

Қостанайдың таңдауы – Әбілмәнсүр!

1129 рет
көрсетілді

Биыл төртінші рет өтіп отырған «Бала даусы» балалардың дәстүрлі ән байқауы Қостанайға да келді. Осы байқау үшін кастингке облыстың барлық шалғайынан өнерлі балалар қатысты. Олардың барлығы да талантты. Бірақ өнер жарысының шарты бойынша «Бала дауысы – 2019» байқауының кезекті финалисі болып өңірден бір әнші ғана таңдалуы керек.

Әділқазы алқасын бастаған отандық сахнаның жарық жұлдызы Данияр Өтеген Қостанай облысының дарынды баларының вокалды қабілеттерін бағалап, Қостанай ауданындағы Затобол кентінен келген 11 жасар талантты әнші Әбілмәнсүр Едіресті таңдады. Енді балапан қанат әнші Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалистерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртістік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

 Еске сала кетсек, 25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Қостанай