• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2019

Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында «Алғашқы қарлығаштар» атты кездесу кеші өтеді ​

1860 рет
көрсетілді

Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институтының алғашқы студенттер тобын құрап, оның театр-көркемөнер факультетін 1979 жылы бітірген, яғни бүгінгі Жүргенов академиясы түлектерінің алғашқы қарлығаштары. 2019 жылдың 30 сәуір күні академия ғимаратының оқу залында «Алғашқы қарлығаштар» атты кездесу шарасы өтеді.

Т. Жүргенов атындағы Академияның ізашары — Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты 1977 жылы құрылған. Оның алғашқы студенттері Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетіне 1975 жылы түскен түлектер еді. Академияны осыдан 40 жыл бұрын тамамдаған алғашқы қарлығаштар бүгінде қазақ өнеріне елеулі еңбек сіңіріп жүрген майталмандар.

Олардың қатарында елімізге танымал театр және кино саласының хас шеберлері бар. Атап айтқанда, кезінде Көкшетау театрының негізін қалаған, бүгінде сол театрдың директоры Мұрат Оспанов, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ. Қойшыбаев театрын құрушы Болат Ибраев, М. Әуезов драма театрының артисі Гүлнәр Ералиева, кезінде Атырау облыстық театрының директоры қызметін атқарған Төлеген Жангелдиев, бүгінде Жүргенов Академиясында қызмет етіп жүрген Аман Құлбаев, Гүлнәр Аманжанова, Майра Смағұлова, Фатигүл Әзімбаева, Жамбыл театрының өнерпазы Гүлшат Қыпшақова, «Тамаша» театрының іргесін қалаушылардың бірі ақтөбелік Бахыт Аитова, семейліктер Берік Қасымов, Салтанат Әзімбаева, қызылордалық Жорабек Досаев, сондай-ақ Рахиля Машурова мен Хадиша Бөкееваның курсын бітірген ұйғыр бөлімі түлектері Руслан Гайтов, Альянур Якупов, Муқадас Қасымов, Малика Имирова, Гульзара Яхьярова және т.б. бар.

«Кездесудің негізгі мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын жалғау. Яғни, аға буын мен жас буынның арасында театр өнерінің кешегісі мен бүгіні, жалпы театр жөнінде әңгіме өрбіп, студент жастар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын өнер саңлақтарымен жүздеседі», дейді оқу ордасының ұжымы.