Сейсенбі, 1 қаңтар 2013 7:50
Адамның айтқаны бола ма әлде Алланың дегені бола ма?! Құдайға шүкір, ақырзаман болмады, заманақыр келген жоқ. Міне, Жылан жылы да сусып кіріп келді. Ал жұлдызнамашылар не дейді?
Астрологиялық болжамдардың түрі көп, бірақ, олардың ішінде үш мың жылдан астам тарихы бар Шығыс күнтізбесі ең дәл саналатындықтан,солардың сәуегейлігіне сүйеніп көрейік.
Сейсенбі, 1 қаңтар 2013 7:50
Адамның айтқаны бола ма әлде Алланың дегені бола ма?! Құдайға шүкір, ақырзаман болмады, заманақыр келген жоқ. Міне, Жылан жылы да сусып кіріп келді. Ал жұлдызнамашылар не дейді?
Астрологиялық болжамдардың түрі көп, бірақ, олардың ішінде үш мың жылдан астам тарихы бар Шығыс күнтізбесі ең дәл саналатындықтан,солардың сәуегейлігіне сүйеніп көрейік.
Әу дегеннен, әрқайсысы сөйлейтін жоғарыдағы жылдарды тізбектеп жұртты шошытудан аулақпыз. Жыланның да жыланы бар. Есіктен енген жыл Қара Су Жыланы екенін ескерсек, онда Су Жыланы жылында екінші Дүниежүзілік соғыстың нүктесі қойылды емес пе?! Ал әлемді Судан бөлек билеп тұрған тағы төрт стихия – Жер, От, Ауа, Металл бар.
Сонау 1905 және 1917 жылдардағы төңкерістер, 1929 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыс, 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуы, 1989 жылы КСРО күйреуі, Еуропада Берлин қабырғасының құлауы немесе сол жылғы Қытайдағы қанды оқиға, болмаса 2011 жылғы АҚШ-та егіз үйлердің құлауы темір, яки отты жыландардың еншісінде.
Ал мұның алдындағы Су жыланы 1953 жылға дәп келіп, талай жақсылықтардың бастауы болған. Су Жыланы, әсіресе, өнер, шығармашылық адамдары үшін өте қолайлы саналады. Мысалы, сол 1953 жылы Джеймс Бонд, Мерилин Монро сияқты мега-жұлдыздардың дәуірі жүргенін айтпағанның өзінде, бұл түрлі-түсті теледидар пайда болған, алғашқы Оскар сыйлығы берілген, «Плейбой» журналының бірінші нөмірі жарық көрген жыл.
Қазіргі заманғы фэн-шуй ілімінің білгірінің бірі, іргелі зерттеулер жүргізіп, астрологиялық болжамдар жасайтын Рэймонд Лоның лекциялары да назар аударуға тұрарлық.
Ол Қытай күнтізбесі жаратылысымыздағы бес элементтің бір бірімен өзара әрекетіне құрылатындығын айта отырып, 2013 жыл – от пен судың егесінен тұратындығын нақты түсіндіреді.
Рэймонд Ло мырзаның зерттеулерін қысқаша дәйектегенде былай, жаңа басталған жыл экономика саласына қайта серпін бермек, Өйткені, 2008 жылғы дағдарыстан кейін От стихиясы –Жылан бірінші рет оралып тұр.
Алайда, ол Су Жыланы екендігін, ал от пен су шиеленісте болатындығын естен шығармағанымыз жөн. Демек, жылы ауа ағысы салдарынан болған 1953 жылғы Оңтүстік Шығыс Азиядағы мың адам өмірін қиып кеткен алапат құйынды, осы жылы мамыр айында болған Мексикадағы және маусым айындағы Мичигандағы торнадоны еске алуға тура келеді.
Жұлдызнамашылардың арасында от пен су үйлеспейтін жұп болғандықтан, 2013 жыл мазасыздау табиғи қауіп-қатерлі болуы мүмкін деушілер де бар. Олар саяхатқа шыққанда, жол жүргенде, әсіресе, әуеде және су көліктерінде барынша абай болуға шақырады. От пен судың текетіресі су тасқынын, боран, құйын, жер сілкінісін тудырып отыруы тіпті ғажап емес.
Дегенмен, жоғарыда атап өткендей 2008 жылғы дағдарыстан кейін оралып тұрған От стихиясы экономиканың жандануына септеспек. Сондықтан да экономикалық өрлеулер енді басталады. Екі жыл қатарына тұратын бұл стихияның қуатын құлшынып еңбек еткендер және өз күшіне сүйенгендер сөзсіз сезінеді дейді сәуегейлер. Қалай десек те, Су Отқа үстемдік құратындықтан, судағы индустрия жақсы қарқын алатыны айтылады. Оған қоса тоқыма, қоршаған ортаны қорғау, масс-медиа саласы өзін жақсы сезінетін көрінеді. Электроника, ақпараттық технологиялар саласы соны жаңалықтары үшін сүйінші сұрап жатса таңдануға болмайтын сияқты.
Шығыс жорамалы бойынша Жылан – данышпандықтың, ерік-жігер, көрегендіктің нышаны. Түбегейлі реформаларға арналған, кез келген мәселені бейбіт жолмен шешуге арналған Жаңа жылда саяси көсемдік пен көшбасшылар бұрынғыдан да көбірек керектігі байқалмақ.
Ал Шығыс күнтізбесі бойынша Қара Су Жыланы 2013 жылдың 10 ақпанында кіреді де, 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін тұрады. Жұлдызжорамалшылар осы аралықта қиылған некелердің ғұмырын ұзақ болатындығын алға тарта отырып, сезім мәселесінде барынша салмақты болуға, айтылған сөзді, берілген уәденің бәрін безбенге салып, ұшқары қадамдардан аулақ болуға шақырады.
Мансап мәселесі мазалайтындарға келсек, биыл ғылыммен айналысатындар мен зерттеушілер үшін сәтті жыл болмақ. Сол сияқты, артистер, жазушылар, музыканттар мен суретшілер, тіпті, осы салалардың есігін енді ашқандар да айлары оңынан туып тұрғанын сезінетін көрінеді.
Бірақ, жылан табысқа жету жолында белден басуды тіпті жақтырмайтын болғандықтан, адамның басты қаруы жұмсақ дипломатия, көрегендік пен аздаған ақыл-айла болуы қажет. Қысқасы, ирелеңдеген жылан жылында кез келген жағдайға икемделгіш жандардың жолы болмақ.
Жұздызнамашылар саясатта, әлеуметтік мәселелерді шешуде болсын билік басындағыларға икемді болып, тіл табысушылыққа бейім болуға кеңес береді.
Ақшаны оңды-солды желге шауды жақтырмайтын, несие мен қарыздан аулақ жүретін «Жылан» маңдайтермен келген табысты ғана еселемек.
Тағы бір гороскоп 2013 жылдың жазы – аптап, қысы – аязды болатындығын дәйектепті. Астрологтардың келесі тобы биыл жүрек-қан тамырлары, бүйрек ауруларынан абай болуға және көз ауруларынан барынша сақ болуға шақырады.
Ең бастысы мазасыз жылда барынша сабырлы, жеті рет «өлшеп» барып, бір рет қана «кесетін» парасаттан айырылмаған ләзім.
Дайындаған
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.