• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Сәуір, 2019

Еуразиялық банк «Орда» ипотекасы бойынша ҚИК-ке серіктес болды

1064 рет
көрсетілді

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ (бұдан әрі – ҚИК) және «Еуразиялық банк» АҚ «Орда» ипотекалық өнімін іске асыру аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Банк ҚИК-тің ипотекалық өнімі бойынша клиенттерге кеңес беру, жылжымайтын мүлік сатып алуға ипотекалық қарыздарды рәсімдеу және берумен айналысатын Компанияның бесiнші агенті болды.

«Еуразиялық банктің филиалдар желісі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан. Бұл бізге «Орда» ипотекасы бойынша тұрғын үй сатып алуға мүдделі клиенттерге қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелер санын кеңейтуге мүмкіндік береді, – дейді Басқарма төрағасының орынбасары Мәжит Жүсіпов.

2019 жылда сұраныстың артуы «Орда» өнімінің өзектілігін білдіреді. Бағдарлама басталғаннан бері 2019 жылдың сәуіріндегі көрсеткіш  бойынша ҚИК-ке жалпы сомасы 4.2 млрд теңгеге 355 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 263 өтінім мақұлданып, қарыз алушылар жалпы сомасы шамамен 3,3 млрд теңге болатын қарыз алған.

«Орда» ипотекалық өнімі Қазақстанның барлық азаматтарына меншігінде басқа тұрғын үйдің болуына қарамастан, бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығынан жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді. Төлемге қабілеттілік толық расталған жағдайда қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 12%-ды құрайды. Сондай-ақ бастапқы жарнаны қосымша кепілге - қарыз алушының немесе үшінші тұлғалардың жылжымайтын мүлкіне ауыстыруға мүмкіндік бар.