• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2019

«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» тақырыбында балалар суреттерінің байқауы өтті

1835 рет
көрсетілді

Экология күніне орай Оқушылар сарайында қоршаған ортаны сақтау, балалардың экологиялық мәдениетін арттыру, әлеуметтік және экологиялық жауапты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында байқау өтті.

Байқауға Алматы қаласындағы «Перзент» балалар үйі, «Жанұя» арнайы кешені, №1 Алматы облыстық балалр үйі, «SOS» балалар ауылы, Үміт үйінен байқауға қатысқан балалар елуден астам жұмыстарын ұсынды. Байқау  І топ 5-9 жас, ІІ топ 10-12 жас, ІІІ топ 13-16 жас аралығындағы жас ерекшелігіне байланысты үш топ бойынша өтті.

Байқауды Алматы қаласы бойынша Экология депаратментінің басшысының орынбасары Данияр Құрманбеков құттықтау сөзімен ашып, балаларға сәт-сапар тілеген қазылар алқасы да жылы ілтипаттарымен бөлісті.

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан балалар сонымен қатар «Менің өлкем» және «Табиғатты аялайық» аталымдары бойынша да марапатталды. Бас жүлдені мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушісі Александра Симчук иеленді. Ендігі кезекте жүлдегердің жұмысы ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде өтетін байқауға жіберіледі.