• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Сәуір, 2019

Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды - Б.Смағұл

1238 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ел­ба­сының ұстанымы – елдің ынтымағы, қоғамның бірлігі. Елбасының ел үшін, туған жер үшін сіңіріп жатқан еңбегі ерен. Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды. Ол бірлікті бір ұяда қанаты қатайған балапандай болған, тонның ішкі астарындай бір-біріне етене жақын, ауыр кезеңдерді басынан бірге өткізген ата-баба­ларымыздан үлгі алған ұрпақ қана сақтайды.

Бүгінгі тарихымызды ертеңгі ұрпақ «менің тарихым» деп танығаны маңызды. Өйткені тағ­дыр­лас халықтардың қилы кезеңдерде келгені белгілі. Оларды қазақ халқы құшағын ашып, бауыры­на тартқан. Бүгінгі таңда қазақ халқының ая­сында ынтымағы жарасқан ел атанып отырмыз. Осының барлығын менің тарихым деп қа­рауы үшін татулық пен бірлікті ту етіп, нақты істермен болашаққа қадам жасау керек.

Әлемде бейбітшілік орнағанын қаласақ, өз еліміздегі ынтымағымызды сақтай білгеніміз жөн.

Бақытбек СМАҒҰЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты