• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Сәуір, 2019

Бек Нұрмағамбет Азия чемпионатында жеңіске жетті

1081 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шешуші кезеңде армияшы Филиппиннен келген Джон Нобель Марвинмен кездесті. Жекпе-жек тартысты болды. Алайда, тартыс кезінде қазақстандықтың үстемдігі айқын байқалды. Қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, АОСК-ның спортшысы жеңімпаз атанды. «Қарулы Күштердің намысын қорғағанымды мақтан тұтамын. Бізде спортпен шұғылдану және нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық жағдай жасалған.  Аталмыш Азия чемпионаты мен үшін алғашқы болды. Ендігі менің мақсатым бокстан әлем чемпионы болу. Әлем чемпионатында жеңіске жету үшін мен барлық ірі сайыстарға қатысуға тырысатын боламын», деді спортшы.