«Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесулері жоспарланған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады», делінген жазбада.