• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2019

Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады

1146 рет
көрсетілді

Бұл тралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов біздің елдегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Бараниді қабылдады.

Сыртқы саяси ведомство басшысының айтуынша, мажарстандық дипломат екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолында жемісті істер атқарды. Оның жарқын куәсі Қазақстан мен Мажарстан арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстардың қарқындылығының артуы.

«Біздің елдер стратегиялық әріптестік орнауының 5-жылдығын атап өтті. Өзара құрмет пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қалыптасқан екіжақты іс-қимылдардың бұдан былай да жандануы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек», - деді министр.

Мажарстан қазақстандық бастамаларға қолдау көрсеткені, сондай-ақ тұрақты консультациялар өткізу арқылы екі жақты салаларда және халықаралық аренада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ниеті үшін А.Бараниге ризашылық білдірілді. 

СІМ басшысы Мажарстан Елшісіне оның бұдан әрі жалғасатын дипломатиялық қызметіне табыстар тілеп, ол әрқашанда Қазақстанда құрметті қонақ екендігін атап өтті. Мажарстан Премьер-министрінің шешімімен А.Барани Сыртқы істер және экономикалық байланыстар министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.