• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2013

Алтайдағы ахуал алаңдарлық

253 рет
көрсетілді

Алтайдағы ахуал алаңдарлық

Жұма, 8 наурыз 2013 7:41

2010 жылғы Кенді Алтайдағы су тасқыны 17 наурызда орын алған. Ал биыл наурыз туысымен-ақ күннің көзі елжіреп, қыс бойы тынбай жауған қалың қардың көбесі сөгіліп, қала мен далада су ағыл-тегіл ақты. Соған қарағанда, биыл көктемгі су тасқыны ерте келетін түрі бар. Осыдан екі-үш күн бұрын Өскеменнің  Черняховский кө­ше­сіндегі екі-үш үйдің аула­сына су кіріп, тұрғындарды әбігерге салды.

Жұма, 8 наурыз 2013 7:41

2010 жылғы Кенді Алтайдағы су тасқыны 17 наурызда орын алған. Ал биыл наурыз туысымен-ақ күннің көзі елжіреп, қыс бойы тынбай жауған қалың қардың көбесі сөгіліп, қала мен далада су ағыл-тегіл ақты. Соған қарағанда, биыл көктемгі су тасқыны ерте келетін түрі бар. Осыдан екі-үш күн бұрын Өскеменнің  Черняховский кө­ше­сіндегі екі-үш үйдің аула­сына су кіріп, тұрғындарды әбігерге салды.

– Әдетте, Өскемен қаласында қар барынша қалың жауды деген жылдардың өзінде тасқын қаланың шеткергі аумақтарын ғана алып жататын. Ал биылғы жауған қардың көптігі сондай, енді қауіп-қатер орталық көшелердің өзіне де төніп тұрғандай. Өйткені, қала көшелеріндегі қардың қалыңдығы бір метрге жуықтайды. Мұндай жағдайда егер күн күрт жылынатын болса, қаланы қақ жарып ағатын Үлбі өзені өз арнасынан шығып кетуі әбден мүмкін, – дейді Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев.Тасқын қатері облыс орта­лы­ғында ғана емес, басқа өңірлерде де барынша күшейе түсуде.Ұлан ауданының орталығы Қа­сым Қайсенов кентіндегі 4-ші шағын ауданының жеке меншік секторындағы бірнеше үйді су басу қаупі орын алды. Осындағы 34-ші өрт сөндіру бөлімінің 12 адамы мен  бірнеше техникасы судың арнасын басқа жаққа бұрып үлгерді. Суыт хабарлар басқа өңірлерден де келіп түсуде.Дәл қазіргі шақта Алтайдың ауа райы сан құбылып тұр. Сәрсенбі күні ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп, қатты дауыл соқты. 8 нау­­рызда күн күрт суытып, кей жерлерде 20-25 градусқа дейін суытпақ. Дауылдың жылдамдығы секөнтіне 18-23, кей жерлерде 26 секөнтке жетпек. Жақында ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Министр В. Божко өңірде болған кезде Көкпекті, Глубокое аудандарында қардың қалыңдығы 3-4 метрге жеткенін  көзбен көріп, көмек жасайтынына уәде беріп кеткен. Биыл қар барлық жерде жылдағы нормадан екі-үш есе артық. Бірақ, арнайы қызмет орындары мен тұрғындардың өздері де арқаны кеңге салмай, аулаларда тау болып жатқан қарды аулаққа апарып тастауға көңіл бөлгендері жөн. Бір сөзбен айтқанда, Кенді Алтайға қауіп бұлты төніп тұр.Осы ретте облыс басшылығын толғандырып отырғаны қаржы мәселесі екендігін айта кетпекпіз. Биылғы тасқынмен ойдағыдай күресу үшін, ең алдымен, тұрғындардың белсенділігі және мол қаржы қажет. Облыстық бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Естуімізше, В.Божко облысқа көмектің болатындығын, бірақ бірден бөлетіндей мол қаржының жоқтығын айтып кеткен. Ендеше, іске Үкіметтің араласқаны жөн екені анық. Мұндайда барынша сақ болғанға не жетсін!Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».Өскемен.