• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2013

Су басып қалу қаупі сейілген жоқ

311 рет
көрсетілді

Су басып қалу қаупі сейілген жоқ

Сейсенбі, 12 наурыз 2013 6:37

Биыл жылдағыға қарағанда, Қызылжар өңіріне қар екі есе көп жауды. Апталарға созылған бұрқасын боран және күшті жел салдарынан тасжолдарда қар кептелісі пайда болып, күрделі жағдай қалыптасты. Бейнеш – Қарақоға авжожолында 8 көлік, 30 жолаушы қар құрсауында қалып, көмек дер кезінде жетті. Краснокиевка – Новоберезовка автожолында 6 жеңіл, 2 жүк машинасы бар 25 адам құтқарылды. Жол сақшылары мен жедел көмек тобы Лобаново – Имантау бағытында 96 адамы бар 50 автокөлікті қар құрсауынан аман алып шықты. Мұндай оқиғалар күн сайын дерлік тіркеліп отырды.

Өкініштісі сол, адамдардың немқұрайдылығы мен бейқамдығы қайғылы оқиғаларға соқтырды. Есіл ауданы тұрғынының мүрдесі ауыл маңынан табылды. Уәлиханов ауданында тұратын ерлі-зайыпты Белгібаевтар аналарының қайтыс болғанын естіп, жолға жаяу шыққан. Қанша іздестірсе де, әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Олардың артында 4 бала аңырап қалды. Жергілікті ауа райын болжаушылар наурыз айында да қар шамадан көп түсіп, соңы ақ түтек бұрқасынға айналатынын айтып, сақтандырып бағуда.

Ендігі күш-жігер көктемгі су тасқынының алдын алуға жұ­мылдырылған. Облыс орта­лығында он бригада құрылып, 400 мың текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды. Ойқала, Заречный, Бензострой, Былғары зауыт, Копай шағын аудандарында 200-ге тарта үй мен аула аумақтарын су басып қалу қаупі бар. Осыған орай апатты жағдай туындайды деген аймақтарға қосымша күштер тартылған. Есіл өзені таси қалған жағдайда қауіпті жерлерде орналасқан 20 елді мекен тұрғындары үшін сақтандыру шаралары жүргізілуде. Бүгінде құрамында 4 мыңдай адам мен 1200 техника бірлігі бар 238 апаттық-құтқару қызметі сақадай-сай тұр.

Алдын ала болжам бойынша тасқын су зардаптарына 13 мыңдай тұрғын мен 5 мыңнан астам үй жануарының ұшырайтыны мүмкін екендігі ескеріліп, жедел көшіру жұмыстары жан-жақты қарастырылып отыр.

Наталья ПОПОВА,

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар

жөніндегі департаменттің бас маманы.