• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2019

Өнерпаздардың өнегелі ісі

966 рет
көрсетілді

Қарағандының маңын­дағы Құрылыс деген елді мекенде Арқа өңіріне та­ны­мал өнерпаздар бас қосып, «Думанды дода» деп атал­ған көкпар ойынын ұйым­дастырды. Ұлттық спортты ұлықтаған өнегелі іске облыстың Жастар саясаты мә­селелері жөніндегі бас­қармасы қолдау көрсетті.

Көкпарда айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов бастаған «Алаш», айтыс­кер ақын Тілеген Әділов құр­ған «Сыпай», дәстүрлі әнші Сержан Мұсайын жетек­шілік еткен «Дода» және ән­ші-сазгер Саят Әбді­ғали­дың «Көкбөрі» командалары тартысқа түсті.

Жүлделі үшінші орын үшін болған тартысты сайыс­та «Көкбөрі» командасы «Алаш» жігіттерін жеңіп кетті. Ал бас жүлде үшін болған тартыста «Сыпай» коман­дасы «Доданың» көкпар­шыларынан 5:1 есебімен басым түсіп, же­ңім­паз атанды. Бұл сайыс­та «Сыпайдың» құрамындағы балуан Ерік Еркенұлы ерек­ше көзге түсіп, төрт салым­ның авторы атанды.

Қарағанды облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Мирас Құт­тыбай «Думанды дода» көк­­пар ойынын ұйымдас­тыру­шы­­­лардың бірі Нариман Хасе­новке алғыс айтып, жеңімпаз командаға арнайы тағайындалған кубокты табыс етті.

ҚАРАҒАНДЫ