• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2019

Ресейге топырақ салынған капсула жеткізіледі

994 рет
көрсетілді

Неміс-фашистік басқыншылардан Кингисепп қаласын азат етудің 75 жылдығына орай өтетін салтанатты іс-шараға солтүстікқазақстандық ардагерлер де шақырту алды.

Жауынгерлерді еске алу және ел үшін ерлікпен қаза тапқан марқұмдарға құрмет көрсету белгісі  ретінде Ресей жеріне топырақ салынған капсуланы апару ішкі істер органының ардагерлері, отставкадағы полковниктер Ақан Сыздықов пен Евгений Райтенбахқа жүктелді.

Атаулы оқиғаға орай 314-ші атқыштар дивизиясының ескерткіші жанында  еңбек, соғыс ардагерлері, мектеп оқушылары, қала жұртшылығының қатысуымен митинг өтті.

«1941-ші жылдың тамызында Петропавлда Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше із қалдырған 314-ші атқыштар дивизиясы құрылды. Бүгінде бізге батырларымызды құрметпен еске алу үшін жерлестеріміз ерлікпен қорғаған қалаға сапар шегудің  сәті түсті. Біз қасиетті миссиямызды абыроймен атқаруға сөз береміз», деді әкімшілік полиция басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Евгений Райтенбах.

Митингіге қатысушылар  монументке гүл шоқтарын қойып, отан үшін жанын қиған  жауынгерлердің рухына тағзым етті.