Ең үздік дауыс иесі деп Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының он екі жасар тұрғыны Аружан Рахманәлі танылды. Дарынды қыз 8 жастан бастап вокал үйірмесіне қатысады. Ол түрлі қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі вокалдық байқаулардың жеңімпазы. «Бала дауысы» туралы ғаламтор желісінен оқып, байқауға тек 8 бен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алатынын білген қыз өзінің соңғы мүмкіндігін жібергісі келген жоқ. Анасының айтуы бойынша, қызы Алматы облысының үздіктер үштігіне кіретініне сенімді болғандығына отбасы алғашында таңғалды. Бұл сенімділікті жақсылыққа жорып, әке-шешесі байқауға қатысуға рұқсаттарын берді. Аружан қазылар алқасын ғана емес, сонымен қатар көрермендерді ерекше дауыс ырғағы мен табиғи әсерлілігімен баурап алды.
Күзде Аружан Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың суперфиналына дайындық сәтінде балалар вокал, хореография және әртістік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.
25 мен 27 қазан күндері балдырғандар жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды. «Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасына ие болады.