• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Мамыр, 2019

Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтті

859 рет
көрсетілді

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кезекті жалпы отырысында Қазақстан мен Литва арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлданды.

Заң жобасының негізгі мақсаты уағдаласушы мемлекеттердің бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру саласындағы ынтымақтастықты Шарт ережелеріне және ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ, сотталған адамдардың және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдардың азаматтық жағынан өз қоғамына қайта интеграциялануына ықпал ететін болады.

Осы күні Мәжіліс қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелерін, сонымен бірге, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Жалпы отырыс соңында Мәжіліс депутаттары Б.Смағұл, К. Мұсырман, З.Аманжолова, Р.Ким, Н. Әлтаев құзырлы мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолдады.