• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Руханият 12 Мамыр, 2019

Алматыға шетелдік хореографтар келеді

998 рет
көрсетілді

Алматыда 2019 жылдың 11-13 мамыры аралығында «Өрлеу» V Халықаралық балет мектептерінің фестивалі өтеді. Оңтүстік астананың ірі мәдени оқиғасын А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Фестиваль А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 85-жылдық мерейтойына арналуда.
Фестиваль мақсаты өзгеріссіз. Бұл ұлттық хореографиялық өнерді қолдау және танымал ету, педагог-хореографтардың кәсіби қауымдастығын нығайту, хореографиялық білім беру саласында шығармашылық жетістіктер мен тәжірибе алмасу. Фестиваль Елбасы Н. Назарбаевтың жариялаған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Жастар жылы аясында өтуде. Осыған байланысты ұйымдастырушылар қазіргі жастардың мәдени тәрбиесі мен шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Фестивальға студенттер мен оқытушылар, концертмейстерлер, әдіскерлер, ғалымдар, тәжірибешілер мен балет әртістері Қазақстан, Ресей, Башқұрстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Бурятия, Якутия және Оңтүстік Корея хореографиялық оқу орындарының кәсіби би ұжымдары мен студенттік ұжымдары қатысады. Шығармашылық жастардың талантын дамытуға бағытталған үлкен білім беру бағдарламасымен Дарья Дмитриева (Якутия), Людмила Мергенева (Бурятия), Гайникамал Бейсенова (Қазақстан) сөз сөйлейді. Балет шеберлері тәжірибемен бөлісіп, жеке шеберлік сыныптары аясында өз елдері мен өңірлеріндегі балет мектептерін таныстырады.  Балет мектептерінің V фестивалі бағдарламасы келесі іс-шаралармен ұсынылады: «Времён связующая нить» қазақ сахналық киімінің экспозициясы, Г. Капанованың «Биге жол» фотоэкспозициясы, жас автор Натальи-Раминты Бараускайтенің «Би бояулары» атты көркем көрмесі, «Жаһандану дәуіріндегі заманауи өнер және білім» конференциясы, «Мектептің тұсаукесері және хореографиялық білім берудің даму болашағы-XXI ғасыр балеті» атты дөңгелек үстел, «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің бүгіні» атты фильмінің тұсаукесері.