• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 14 Мамыр, 2019

Орманымызға абай болайықшы

1181 рет
көрсетілді

Әдетте, Арқа төсіне көктем кеш келеді. Сай-саладағы, орманды алқаптардағы жер дегдімей жатып жасыл желекті өрт шала бастауы елді алаңдатып отыр. Былтыр облыс ормандарында 11 мәрте ірі өрт болған екен. Ал, биыл көктем енді туса да, Көкшенің жасыл желегін 4 рет өрт шалды.

Облыстық төтенше жағ­дай­лар қызметі мен орман ша­руашылығы аумақтық инс­пекциясының берген дерек­теріне көз салсаңыз, өрттің ал­дын алуға, қорғауға де­­­­­ген дайындық мұздай қатып тұр. 10 балдық көрсеткіштің 7,9 па­йызын қамтиды. Соған қа­ра­­мастан, қызыл жалынның өңе­шіне іліккен жасыл орман күйік шалып, баудай  түсіп жатыр. Ол аздай заңсыз ағаш кесу­шілер де тыйылар емес. Өт­кен жылы заңсыз ағаш кесу бо­йын­ша 22 оқиға тіркелсе, биыл осындай келеңсіз жағдай екі рет қай­таланған. Мұның бір себебі, қала тұрғындары сатып алатын отынның қымбаттауында. Яғни, орман қарақшылары сұ­ра­­ныс болғаннан кейін ағаш ұр­лап сатуды кәдімгідей кәсіпке ай­нал­дырып отыр­ғанын несіне жасырамыз. Қа­лаға келетін сантарау дала жо­лы бар. Оның бәрінде қапы­сыз күзет ұйымдастыруға ор­ман­шы­лардың қауқары жете бер­­мейді. Көлігі тапшы, кісісі кем. 

Қала іргесіндегі «Бұқпа» ор­ман шаруашылығы аума­ғында өткен жылы бес мәр­те орман өртенсе, биыл қы­зыл жалын­ның алапат тілі су­маң­дап, екі мәр­те қолдың сала­сындай ақ қайың­дар мен мәңгі жасыл қара­ғайларды, әлі бүр­шігін жара қой­маған тал-теректі жайпап кетті. Табиғаты тамыл­жыған Сан­­­дық­тау өлкесінде де өрт пен ұры­­дан келген залал көп. Қазір бұл өңірде осындай оқиғаларға байла­нысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалай болған күнде де Отанымыздың бір байлығы – орманымызға абай болайықшы!

Ақмола облысы