• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Мамыр, 2019

Н. Нығматулин Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Н. Христодулидиспен кездесті

807 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Кипр Республикасының Сыртқы Істер министрі Никос Христодулидиспен кездесті. Бұл туралы Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар екіжақты, соның ішінде парламентаралық қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.   

Мәжіліс Төрағасы Кипр Қазақстанның Оңтүстік Еуропадағы маңызды саяси әріптесі екенін айта келіп, біздің еліміз аталған мемлекетпен саяси дилогты, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ынталы екенін алға тартты.  

Нұрлан Нығматулин біздің мемлекетіміз өзінің айрықша географиялық жағдайының және Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының арқасында Еуразия бойынша жаңа көлік-логистикалық хабына айналғанын атап өтті.

Кипр Республикасының «жасыл» экономика, цифрлық-технология, жаңартылған энергия  саласындағы жетістіктерін сөз еткен Н. Нығматулин осы бағытта жан-жақты тәжірибе алмаса отырып, парламенттік әріптестікті жаңа деңгейге көтеру керектігіне тоқталды.

Өз кезегінде біздің елімізге  алғаш рет келген Кипр Сыртқы істері  министрі Қазақстанның даму қарқынына таңданысын жасырмады.  Сондай-ақ, біздің елдеріміздің өзара іс-қимылы табысты дамып келе жатқанын айта келіп, барлық салада екіжақты қатынасты нығайтудың, соның ішінде, инвестиция, сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларының әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Тараптар бүгінгі кездесу елдер арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі күшейтуге және тереңдетуге жол ашатынына сенім білдірді.