Қазақ телевизиясының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан басшылардың бірі Камал Смаилов еді. Алғашында «Гостелерадио» комитеті төрағасының орынбасары болып келгеннен-ақ қаламы жүйрік, екпіні күшті журналист-публицист әрбір редакцияның жұмыс жоспарын жілікше шағып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, әдебиет пен музыка салаларының көрермен аңсап жүрген өзекті мәселелерін тайға таңба басқандай айтып беретін және солардың жүзеге асуын қадағалап отыратын. Одан бөлек, Одақ, Республика деңгейінде телефестиваль, конкурстар өткізіп, келген қонақтарды қарсы алып, шығарып салуға бәрімізді «жегіп» қоятын. Мына сурет соның айғағындай.
1975 жылы Алматының Ленин атындағы сарайында өткен Бүкілодақтық телефестивальдің құрметті қонақтары, екі мәрте Еңбек Ері, өзбекстандық Тұрсынай Ахунова, белорус ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Николай Коваленок, латыш әншісі Йааки Йола және өзіміздің Камал аға Смаилов Алматы баурайындағы пионерлер лагерінде серуен құруда.
Жақсылардың жарқын бейнесі жып-жылы естеліктерге жетелейді.Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері